Skip to main content

ТИЗИН® КСИЛО препараты жайлы

Ринит (тұмау) деп мұрынның шырышты қабықшасында дамитын қабыну процесі аталады. Көбінесе ол суық тию немесе тұмау ауруларының белгісі болып табылады. Соңғы жағдайда тұмаумен қатар қалтырау, жұтқыншақ облысында құрғақтық сезімі және кейде мұрын қуысында қышу мен түшкірік пайда болады. Жедел ринит кезінде мұрынның бітелуі және тыныс алудың қиындауы кең таралатын құбылыстар болып табылады. Мұрынның бітелуіне байланысты қол орамалын тастамайтын және жайсыздыққа тап болатын әрбір адамда келесі сұрақтар туындайды: «Тұмауды қалай жеңуге болады?» Назальды тамшылар не болмаса назальды спрейлер мәселенің шешімі бола алады.

Тизин® Ксило — бұл мұрынның бітелуі мен ісінуіне қарсы спрей түріндегі препарат.

Препараттың құрамына кіретін белсенді зат — ксилометазолин гидрохлориді — шырышты қабықшаның ісінуін азайтып секрециялардың шығуын жақсарта отырып мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді1. Іс жүзінде назальды спрей жедел немесе созылмалы ринит асқынған кезде кешенді емнің құрамында, аурудың пайда болу себебіне тәуелсіз түрде қолданылады. Альфа-адреностимулятор болып табылатын ксилометазолин, ісік азайғанда көрініс табатын қан тамырларының тарылуына ықпал етеді. Осындай әсердің арқасында, Тизин®Ксило сонымен қатар аллергиялық табиғаты бар ринитті емдеу үшін де қолданылады.

Тизин® Ксило пайда болуы әр түрлі тұмау кезінде мұрын бітелуін жылдам (әсері 5-10 минуттан кейін басталады*) және ұзақ уақытқа (8 сағатқа дейін) жояды1

Назальды спрейлерге пайдалану ыңғайлылығы мен суық тию және аллергиялық аурулар кезінде жылдам әсерге қол жеткізу қасиеті тән. Дәрілік препараттың мұндай формасының негізгі артықшылығы пациенттің қауіпсіздік профилі жеткілікті дәрежеде жоғары болып келетін мұндай құралды үнемді пайдалануына мүмкіндік беретін мөлшерлеу дәлдігі болып табылады1.

"Тизин® Ксило" препаратына арналған нұсқаулықты жүктеп алу

1 Препаратты медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес; Прилепина А.И. Учаскелік педиатрдың практикасындағы жедел суық тиюден болатын ринит // Русский медицинский журнал. 8 шілде 2009ж. № 15.

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП, НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ.