Skip to main content

РИНЗА® тұмау мен суық тиюге қарсы құрал

Әрбір адам өзіне бірнеше күн бойы үйде ауырып, ешқандай шара қолданбай төсекте жатуға жол бере алмайды. Заманауи өмір ырғағы әрқашан белсенді және жинақы болу қажеттілігін бұйырады. Сондықтан суықтың тиюі мансапты жоғарылату және жетілдіру, отбасымен бірге тиімді демалу, балаларды өсіріп-жетілдіруге қатысу жолында кедергіге айналуы мүмкін. Әрбір адам суық тию ауруларымен әр түрлі ауырады. Балалар әдетте ересектерге қарағанда жиі тұмауратады және жылына 4-6 реттен артық ауырады. ЖРА ауруларының жиілігі ересектерде біршама өзгеше және көбінесе иммундық мәртебесіне тәуелді болады. Суық тию мен тұмау аурулары пайда болған жағдайда жергілікті иммунитеттің күйі өте маңызды. Шырышты қабықтардың беткейінде болатын иммуноглобулиндер оның негізі болып табылады және тыныс алу жолдарының ауру тудыратын микробтардан қорғанысына жауап береді. Суық тию аурулары жиі жағдайда шартты-патогендік бактерияларды тудырады, мысалы, стафилококктар. ЖРА өзге де қоздырушылары: стрептококктар, пневмококктар, көкіріңді таяқша. Бактериялы суық тиюлер ем қолданбаған жағдайда аурудың созылмалы формаларына өтуі мүмкін: фарингит, тонзиллит, гайморит, бронхит және т. б. Суық тиюдің алдын алу тіпті денсаулығы өте жақсы адамдар үшін де мүмкін емес. Бұл микробтардың әр түрлі уыттылығына, эпидемия кезінде ауырған адаммен байланысты толық жою мүмкінсіздігіне, иммундық мәртебенің мезгілдік ауытқуларына және т.б. байланысты. Сондықтан емделу мәселелері барлығы үшін өзекті болып қала береді.

Суық тисе не істеу қажет?

Суық тиюдің себебін емдеу қиын. Бұл ауруды қоздырғыштарды әрқашан анықтау мүмкін еместігімен байланысты. Кейбір ЖРВИ емдеуге арналған вирусқа қарсы құралдар әлі ойлап табылған жоқ, ал иммуномодуляторлар жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген және тек сәйкес иммуноголиялық зерттеуден кейін ғана қолдануға болады. Сондықтан суық тию ауруларының белгілерін емдеу өте орынды болып табылады.

РИНЗА®таблеткалары. Бұл құрамында парацетамол және кофеин, сондай-ақ фенилэфрин және фенирамин2 бар препарат. Бұл белсенді компоненттер ересектердегі суық тию белгілерін жоюға көмектеседі: температураның жоғарылауы, бас ауруы, тұмау, бұлшықеттердің ауруы, әлсіздік. Таблеткаларды жұмыста немесе үйде, сапарда және кез келген жағдайда пайдалану қолайлы.

С дәрумені барРИНЗАсип® ұнтағы. Бұл ересектердегі суық тию белгілерін жою үшін қолданылатын препарат: Бір қасық бал қосып, ұнтақты жылы сумен араластыру арқылы жылы хош иісті сусын дайындауға болады. РИНЗАсип® ұнтағының құрамында суық тию белгілерін емдеуге арналған компоненттер бар. С дәрумені иммунитетті сақтауға көмектеседі.

Балаларға арналған РИНЗАсип®. Бұл құрамында балалардың мөлшерлемесіне лайықты компоненттер бар балалардағы суық тию белгілерін жеңілдетуге арналған құрал.

Суық тию белгілерін емдеуді дер кезінде бастау дегеніміз әдеттегі қызметке ертерек оралуды, ұзақ уақыт төсек тартып жату мен қатты әлсіздіктің алдын алуды білдіреді. РИНЗА® препараттарын желісі суық тиюмен, температураның жоғарылауымен, бас ауруымен және бұлшықеттердің ауруымен, жалпы әлсіздікпен өтетін жедел вирустық, сонымен қатар бактериялық тыныстық инфекциялар кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық "Тұмауға қарсы РИНЗА® таблеткаларына"

1 Кофеин парацетамолдың әсерін күшейтеді. «Кофеин сіңіруді жылдамдатады және ацетаминофеннің ауыруды сездірмейтін әсерін күшейтеді» Бертольд Реннер, мед д-ры, Джефф Кларк, FCB, Тим Граттан, FCB, Ангелика Бейзал, Кристиан Мюллер, мед д-ры, Ульрике Вернер, ғылым д-ры, Герд Кобал, мед д-ры және Кай Бруне, мед д-ры, 2007 жылдың 18 сәуірінде The Journal of Clinical Pharmacology журналында жарияланды.

2 Препаратты медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП, НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ.