Skip to main content

Құпиялылық саясаты

Соңғы рет жаңартылған күні: 30.09.2016 ж.

www.jnjconsumerkz.com сайтына қош келдіңіз. Бұл сайт «Джонсон &Джонсон» ЖШҚ компаниясына тиесілі. «Джонсон &Джонсон» ЖШҚ құпиялылық мәселесіне баса назар аударады, сондықтан  ақпаратты қалай жинап, пайдаланып, жария ететінімізді айтқымыз келіп тұр. Бұл Құпиялылық саясаты біз немесе біздің қызметтерімізді жеткізушілер осы Құпиялылық саясатына кіруге мүмкіндік  алатын, біз басқаратын немесе бақылайтын веб-сайт немесе веб-нысандар (мысалы, ұялы веб-сайтты немесе қосымшаны қоса алғанда) арқылы жинайтын ақпаратпен жұмыс істеу әдістерімізді сипаттайды (әрқайсысы жеке-жеке алғанда — «Сайт»). Өзіңіздің жеке ақпаратыңызды бізге ұсына отырып немесе осы Сайтты пайдалана отырып, осы Құпиялылық саясатының шарттарымен және ережелерімен келісетініңізді білдіресіз.  АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ

Сіз ұсынған ақпарат 

Бұл Сайттың кейбір бөлімдері кейбір функциялардың (мысалы, жаңалық, кеңестерді/сілтеме нұсқауларын таратуға жазылу) артықшылықтарын пайдалану немесе нақты бір қызмет түріне қатысу үшін (мысалы, байқау немесе басқа да промо-науқандар) жеке ақпарат беруіңізді сұрауы мүмкін. Қандай ақпараттың міндетті, қандай ақпараттың қажеті жоқ екенін сізге ескертеді.  

Біз өзіңіз берген ақпаратты өзіміздің сіз туралы жинаған ақпаратпен (онлайн немесе оффлайн) біріктіруіміз мүмкін. Сондай-ақ біз оны әрекет ететін басқа да Johnson&Johnson компаниялары, жалпыға қолжетімді ақпарат көздері (сіздің жалпыға қолжетімді әлеуметтік медиа-ресурстардағы профильдеріңіздегі ақпаратты қоса алғанда) және басқа да үшінші тұлғалар сияқты өзге дереккөздерден алынған сіз туралы ақпаратпен біріктіруіміз мүмкін.  

Ақпаратты пассив түрде жинау және пайдалану 

Осы Сайт бойынша жүрген кезде әртүрлі технологияларды пайдалану арқылы ақпарат пассив түрде жиналуы мүмкін (яғни сіз ақпаратты белсенді тәсіл арқылы бермейсіз). Біз және біздің қызметтермен бөтен жабдықтаушыларымыз ақпаратты пассив түрде әртүрлі тәсілдермен жинап, пайдаланамыз, атап айтар болсақ:   

Браузеріңіз арқылы

Белгілі бір ақпарат көбіне браузерлер арқылы жиналады, мысалы, Сіздің мәліметтерді беру кеңістігіне кіруді басқару мекенжайыңыз (MediaAccessControl, MAC),  компьютеріңіздегі операциялық жүйе түрі мен нұсқасы, экранның рұқсат беру қабілеті, Интернет-браузердің түрі мен нұсқасы. Егер Сайтқа ұялы құрылғы арқылы кірсеңіз, құрылғыңыздың түрі мен идентификаторы сияқты ақпаратты жинауымыз мүмкін. 

Cookie файлдарын пайдалану арқылы: Cookie файлдары — бұл өзіңіз пайдаланатын компьютерде тікелей сақталатын ақпарат фрагменттері болып табылады. Cookie файлдары браузердің түрі, Сайтта отырған уақыт, қараған беттер және таңдаған тіл сияқты ақпараттарды жинауға мүмкіндік береді. Біз және біздің қызметтерімізді жабдықтаушылар бұл ақпаратты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, навигацияны жеңілдету, ақпаратты тиімді көрсету және өзіңіз пайдаланған Сайтты жекелендіру мақсатында пайдаланамыз. Сондай-ақ біз компьютеріңізді немесе құрылғыңызды тану үшін де cookie файлдарын пайдаланамыз, бұл осы Сайтты пайдалануыңызды жеңілдетеді. Сонымен қатар Сайттың дизайнын және функцияларын тұрақты түрде жетілдіру, жеке тұлғалар оны қалай пайдаланатынын және онымен байланысты мәселелерді шешу кезінде көмектесу үшін де cookie файлдарын пайдаланамыз. Сондай-ақ cookie файлдары сіздердің көңілдеріңізден шығатын әрі Сайтта отырған кезде оларды көрсете алатындай жарнамалар мен ұсыныстарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұтынушыларымыздың жарнамаларымызға берген жауаптарын бақылау үшін де cookie файлдарын онлайн-жарнамада пайдалана аламыз.  

Өзіңіздің браузеріңіздегі нұсқаулықты орындап, cookie файлдарын қабылдаудан бас тартуыңызға болады; алайда, егер оларды қабылдамасаңыз, Сайтты пайдалану кезінде кейбір ыңғайсыздықтарға тап болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ мүдделеріңіз бен қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін жарнаманы немесе басқа да ұсыныстарды қабылдай алмауыңыз да мүмкін. Сookie файлдары туралы толық ақпарат алу үшін http://www.allaboutcookies.org сайтына кіріңіз.

Flashcookie файлдарын пайдалану: AdobeFlash (Flash [«Flash LSO»] сияқты жергілікті қолжетімді нысандарды қоса алғанда) технологияларын пайдалану басқа да нәрселермен қатар, айтарлықтай дербес ақпарат беруге, осы Сайтқа тұрақты түрде кіруді және оны пайдалануды, осы Сайтты пайдалану туралы ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егер Flash LSO өз компьютеріңізде сақтағыңыз келмесе, веб-сайтты сақтау теңшеулерінің панеліндегі құралдарды пайдалана отырып, Flash LSO сақтауды бұғаттау үшін өзіңіздің Flash player модуліңізді орнатуды реттеуіңізге болады. Сондай-ақ ғаламдық сақтау теңшеулерінің панеліне өтіп, нұсқаулықты орындап (қолданыстағы Flash LSO (Macromedia сайтында «ақпарат» деп аталады) қалай өшіруге болатынын, сіздің рұқсатыңызсыз компьютеріңізге Flash LSO орнатудың қалай алдын алуға болатынын және сол сәтте өзіңіз отырған парақ операторы көрсетпеген Flash LSO қалай бұғаттауға болатынын (FlashPlayer 8 және одан да жаңа нұсқалау үшін) түсіндіретін нұсқаулықтардан тұратын) Flash LSO бақылай аласыз.  Назар аударыңыз, Flash LSO модулін қабылдау көлемін шектеу немесе азайту үшін теңшеу Flash-тың кейбір қосымшаларының, оның ішінде теориялық тұрғыдан алғанда, осы Сайтқа немесе онлайн-контентке байланысты пайдаланылатын Flash қосымшаларының функцияларын төмендетуі немесе қиындатуы мүмкін.  

Веб-қоңыздар, веб-шамшырақтар, мөлдір GIF немесе осы тәрізді басқа да технологиялар: Бұлар Сайт пайдаланушыларының және электронды хабарлама алушыларының   іс-әрекеттерін бақылау, жарнама науқандарымыздың табысын анықтау және Сайтты пайдалану статистикасы мен жауап берушілердің үлесін құрастыру үшін HTML форматындағы электронды хабарламалар мен Сайттың кейбір парақтарына байланысты пайдаланылуы мүмкін.    

Мінез-құлықтық онлайн-жарнама арқылы: Cookie файлдарын, веб-қоңыздарды, веб-шамшырақтарды, мөлдір GIF немесе осы сияқты басқа да технологияларды пайдалану шет жақтағы жеткізушілерімізге Сайтқа, басқа да веб-сайттарға немесе Интернеттегі веб-нысандарға кірген кезде біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы жарнама беруге мүмкіндік береді. Сайтқа, басқа да веб-сайттарға немесе Интернеттегі веб-нысандарға кірген кезде бұл жеткізушілер веб-қоңыз, веб-шамшырақ, мөлдір GIF немесе осы сияқты басқа да технологияларды Сайтқа, басқа веб-сайттарға немесе веб-нысандарға орналастыруы, сондай-ақ үшінші тұғалардың  cookie файлдарын орналастыруы немесе мәнін анықтауы мүмкін. Олар сізге қызықты тауарлар мен қызметтер туралы жарнаманы орналастыру үшін сіздің Сайтқа, басқа веб-сайттарға немесе веб-нысандарға кіргеніңіз туралы ақпаратты пайдалана алады.  

IP-мекенжай: IP-мекенжайыңыз — сізге интернет қызметін көрсететін  провайдеріңіздің  компьютеріңізге автоматты түрде берген нөмірі. IP-мекенжай пайдаланушы Сайтқа кірген сайын біздің серверіміздің файлдарында сәйкестендіріліп, автоматты түрде тіркеледі; сонымен қатар кірген уақыты мен қаралған парақтар да тіркеледі. IP-мекенжайларды жинау Интернеттегі стандартты тәжірибе болып табылады және де көптеген веб-сайттар оны автоматты түрде жүзеге асырады. Біз IP-мекенжайларды Сайтқа кіру деңгейін есептеу, сервердегі мәселелерді анықтау және Сайтқа әкімшілік ету үшін пайдаланамыз.  

Құрылғы туралы ақпарат: Ұялы құрылғыңыз туралы, мысалы құрылғыны сәйкестендіргіш туралы ақпаратты жинаймыз.  

Біз ақпаратты қалай жинаймыз және ашамыз  

Біз сіздердің берген ақпараттарыңызды жинау кезінде көрсетілгендей пайдаланып, жинаймыз.  

Сондай-ақ біз сізден алған немесе сіз туралы ақпаратты мынадай жағдайларда пайдаланамыз:

  • сұрақтарыңызға жауап беру және сұрауларыңызды орындау үшін, мысалы, сұраған құжаттарыңызды немесе ескертулерді электронды пошта арқылы жолдау үшін; 
  • шарттарымыздың, ережелер мен саясаттардың өзгеруін және (немесе) әкімшілік сипаттағы басқа да ақпаратты қоса алғанда, сізге маңызды ақпарат жинау үшін;
  • бизнес мақсаттар үшін, мысалы, мәліметтерді талдау, аудиторлық тексеру, жаңа өнімдерді әзірлеу, веб-сайт функцияларын кеңейту, өнімдеріміз бен қызметтерімізді жетілдіру, Сайтты пайдалану тенденцияарын сәйкестендіру, сізге бейімделген өнімдер мен ұсыныстарды көрсету есебінен Сайттағы жұмыс істеу тәжірибеңізді дербестендіру және жарнама науқандарымыздың тиімділігін анықтау үшін.   

Сондай-ақ біз Сайт арқылы жиналған ақпаратты мына тұлғаларға ашамыз: 

  • осы Құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттар үшін үлестес тұлғалар. Біздің үлестес тұлғаларымыздың тізімі мына жерде (10K нысанын, «SEC құжаты» бөлімінің астындағы 21 қосымшаны көру үшін сілтемені басыңыз) бар. «Джонсон &Джонсон» ЖШҚ жеке ақпаратты бірлесіп пайдалануды басқаруға жауапты тарап болып табылады;
  • бірлескен бренд арқылы тауарды  нарықта бірлесіп дамытып отырған бөтен серіктестеріміз; 
  • өзіміздің қызметтерімізді көрсетуге мүмкіндік беру үшін бөтен жеткізушілерімізге веб-сайт хостингі және әкімшілік ету, ұялы қосымшалар хостингі, мәліметтерді талдау, төлемдерді өңдеу, тапсырыстарды орындау, инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету, АТ-қызметтері, клиенттерге қызмет көрсету, электронды және дәстүрлі пошта арқылы жеткізілетін қызметтер, кредит карталарын өңдеу, аудит қызметтері және басқа да қызметтерді көрсету;
  •  қайта құру, бірігу, сату, бірлескен кәсіпорын құру, компанияларды, активтерді немесе акцияларды толық немесе ішінара беру немесе жою жағдайында үшінші тарап (банкроттыққа немесе осы сияқты сот процесіне байланысты жоғарыда көрсетілгендердің бәрін қосқанда).

Сонымен қатар төменде берілгендерге сәйкес қажет немесе орынды деп есептейтін, Сайт арқылы жиналған ақпаратты пайдаланамыз және ашамыз: (a) өзіңіз тұратын елден тыс жерлерде әрекет ететін заңдарды қоса алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес; (б) сот процесіне көмектесу үшін; (в) өзіңіз тұратын елден тыс жерлердегі мемлекеттік билік органдарын қоса алғанда, мемлекеттік билік органдарының сұрауларына берілген жауап ретінде; (г) біздің шарттарымыз бен ережелерімізді мәжбүрлі түрде қолдану мақсатында; (д) біздің қызметімізді және үлестес ұйымдарымыздың қызметтерін қорғау мақсатында; (е) біздің және сіздің құқықтарымызды, құпиялылығымызды, қауіпсіздігімізді немесе мүлкімізді және (немесе) үлестес тұлғаларымыздың және басқа тұлғалардың құқықтарын, құпиялылығын, қауіпсіздігін немесе мүлкін қорғау мақсатында; (ж) құқықтық қорғаныстың қолжетімді құралдарын пайдалануға немесе біз келтірген залалдың көлемін шектеуге мүмкіндік беру үшін. Сондай-ақ біз сіздің келісіміңізбен басқа да тәсілдермен Сайт арқылы жинаған ақпаратты пайдалана аламыз және аша аламыз.  

Сондай-ақ жоғарыда «Ақпаратты пассив түрде жинау және пайдалану» бөлімінде сипатталғандай және қолданыстағы заңнамаға сәйкес (мысалы, біз жеке ақпарат сияқты ақпаратты пайдалануға міндетті болсақ) басқаша әрекет жасауға міндетті болатын жағдайлардан басқа кез келген мақсатта пассив түрде жиналған ақпаратты пайдаланамыз және ашамыз. Сонымен қатар біз қандай да бір мақсаттар үшін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін нысанда сақталатын ақпаратты пайдалана аламыз және аша аламыз. Егер бір тұлғаны анықтау мүмкін болмайтын нысанда сақталған ақпаратты тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін нысанда сақталған ақпаратпен біріктіретін болсақ (мысалы, есіміңізді географиялық тұрғыдан орналасқан жеріңізбен біріктіру), біріктірілген ақпаратты біріктірілген ақпарат түрі қалпында сақталғанша жеке ақпарат ретінде пайдаланамыз.  

САЙТТАР ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ  

Бұл Құпиялылық саясаты осы Сайт немесе осы Сайтта берілген сілтеме арқылы кіруге болатын кез келген сайты немесе веб-нысандарды (басқаларын қоса алғанда, кез келген қосымша) басқаратын үшінші тұлғаларды қоса алғанда, кез келген үшінші тұлғалардың құпиялылығын, ақпаратына және басқа да аспектілеріне қатысты болмайды. 

Сондай-ақ біз кез келген үшінші тұлғалардың құпиялылығы, ақпараты және басқа да аспектілері үшін жауапты болмаймыз. Осы сияқты кез келген сайтқа берілген сілтеменің болуы немесе енуі біздің тарапымыздан немесе үлестес тұлғаларымыздың тарапынан жасалған растауды білдірмейді.   

ҚАУІПСІЗДІК

Біздің қарауымыздағы жеке ақпаратты қорғау үшін мақсатты, ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік шараларды қолданамыз. Осыған қарамастан, мәліметтерді Интернет арқылы сақтау немесе берудің бірде-бір жүйесі толық қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды. Егер бізбен алмасқан ақпаратыңыз қауіпті деп болжауға негіздемеңіз болса (мысалы, егер қандай да бір тіркеу жазбаңыздың қауіпсіздігіне біздің тарапымыздан қауіп туып тұрса), бізге бұл жайында төменде берілген «Бізбен байланысу» деген бөлімге сәйкес тез арада хабарлаңыз.

ТАҢДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК 

Сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалану және ашуға қатысты таңдауыңыз  

Маркетинг мақсаттары үшін сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалануға және ашуға қатысты таңдау ұсынамыз. Сіз төменде берілгендерден бас тарта аласыз:

  • Бізден келген маркетинг хабарламаларын алу: Егер алдағы уақытта бізден маркетинг хабарламаларын алғыңыз келмесе, бізбен +7 495 726 55 55 телефоны арқылы хабарласып, одан бас тарта аласыз. Бізге берген жауабыңызда өзіңіздің есіміңізді жазып алғыңыз келмейтін маркетинг хабарламаларының нысанын (-дарын) және олар жолданатын мекенжайды (-ларды) көрсетіңіз. Мысалы, біздің маркетинг хабарламаларымызды электронды пошта немесе тікелей пошта таратпасы арқылы алғыңыз келмесе, бұл жайында бізге айтып, есіміңізді және электронды поштаңызды немесе пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. 
  • Бізден ескертулер алу: Егер алдағы уақытта бізден медициналық сипаттағы хабарламалар алғыңыз келмесе, бізбен +7 495 726 55 55 телефоны арқылы хабарласып, одан бас тарта аласыз. Бізге берген жауабыңызға есіміңізді және ескертулер келетін электронды пошта мекенжайын немесе телефон нөмірін көрсетіңіз.
  • Жеке ақпаратыңызды үлестес тұлғаларға және бөтен серіктестерге беру: Егер алдағы уақытта үлестес тұлғаларымыздың және (немесе) бөтен серіктестеріміздің маркетинг мақсаттары үшін жеке ақпаратыңызды бергенімізді қаламасаңыз, бізбен +7 495 726 55 55 телефоны арқылы хабарласып, одан бас тарта аласыз. Жауабыңызға жеке ақпаратыңызды маркетинг мақсаттары үшін үлестес тұлғаларға және (немесе) бөтен серіктестерге бермек керектігімізді, сондай-ақ есіміңіз бен электронды пошта мекенжайыңызды көрсетіңіз.   

Талабыңызды (-тарыңызды) жылдамырақ орындауға тырысамыз. Осыған қарамастан, мынаған назар аударыңыз, жоғарыда берілген тәсілдер арқылы жазылудан бас тартатын болсаңыз, беріліп қойған жеке ақпаратыңызды (яғни, сіз бас тартқан күнге дейін берілген адамдарға) үлестес компаниялардың мәліметтер базасынан өшіре алмаймыз. 

Назар аударыңыз, егер бізден маркетинг сипатындағы хабарламаларды алудан бас тартатын болсаңыз, осыған қарамастан біз сізге бас тарта алмайтын әкімшілік сипаттағы маңызды хабарламаларды жолдай аламыз.

Жеке ақпаратыңызды қалай көруге, өзгертуге немесе өшіруге болады  

Сайт арқылы берген жеке ақпаратыңызды көргіңіз, түзеткіңіз, өзгерткіңіз немесе өшіргіңіз келсе, +7 495 726 55 55 телефоны арқылы бізбен хабарласыңыз.Талабыңызды жылдамырақ орындауға тырысамыз.  

МӘЛІМЕТТЕРДІ САҚТАУ МЕРЗІМІ

Ұзақ сақтау мерзімі қажет болмаса немесе қолданыстағы заңнама арқылы рұқсат етілмесе, осы Құпиялылық саясатында көрсетілген мақсаттарға қажетті уақыт аралығында біз сіздің жеке ақпаратыңызды сақтаймыз.  

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СайтТЫ ПАЙДАЛАНУЫ  

Егер сайтыңыз ересек адамдарға арналса (сайт ересектерге балалары туралы ақпарат беруге рұқсат беретін жағдайларды қоса алғанда):

Бұл Сайт 18 жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған және де мұндай тұлғалардан Сайт арқылы жеке ақпарат бермеулерін талап етеміз.   

Егер сайтыңыз жасөспірімдерге немесе балаларға арналса:

Бұл Сайт жасөспірімдерге немесе балаларға арналған. 18 жасқа дейінгі тұлғалар бұл Сайтты ата-анасының немесе заңды қамқоршысының алдын ала келісімімен ғана пайдалана алады. Келісім беру бойынша нұсқаулықтар Сайтта берілген.

МӘЛІМЕТТЕРДІ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БЕРУ

Жеке ақпаратыңыз нысандарымыз немесе қызметтерді жеткізушілеріміз бар елде сақталуы және өңделуі мүмкін және де осы Сайтты пайдалану арқылы немесе келісім беру арқылы (заң бойынша талап етілген жерде) сіз тұратын елдегі заңдардан өзгеше ақпаратты қорғау туралы басқа заңдар болуы мүмкін Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, өзіңіз тұратын елден тыс өзге елге ақпарат беруге келісесіз.  

МӘЛІМЕТТЕРДІҢ АРНАЙЫ САНАТТАРЫ

Нақты сұраған жағдайлардан басқа жағдайларда Сайтта немесе Сайт арқылы немесе басқа тәсілдермен жеке сипаттағы (мысалы, нәсіл немесе этникалық тек, саяси көзқарастар, діни немесе философиялық пайымдамалар, денсаулық жағдайы, интимдік өмір, соттылық немесе кәсіподаққа мүшелік) ешқандай ақпаратты бізге ашпауларыңызды өтінеміз. Мәліметтердің арнайы санатынан тұратын ақпаратты сұратқан жағдайларда біз оны сіздің анық жазбаша келісіміңіз арқылы сұратамыз.  

ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫН ӨЗГЕРТУ

Біз осы Құпиялылық саясатын өзгертуіміз мүмкін. Осы Құпиялылық саясатының соңғы рет қайта қаралған күні туралы білу үшін парақтың үстіңгі жағындағы «соңғы жаңарту» нұсқаулығын қараңыз. Осы Құпиялылық саясатының кез келген өзгерістері Саясаттың Сайтта жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Өзгерістер енгізгеннен кейін сіздің Сайтты пайдалануыңыз қайта қаралған Құпиялылық саясатын қабылдағаныңызды білдіреді.  

БІЗБЕН ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ

Егер осы Құпиялылық саясаты туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса, бізбен +7 495 726 55 55 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе мына мекенжайға хат жолдаңыз: 050040, Алматы қ., Қазақстан, Тимирязев көш., 42, 23-А павильоны.

Тел. +7 (495) 726-55-55
+7 (727) 356-88 -11
+7 (727) 356-88-19