Skip to main content

НИЗОРАЛ®

НИЗОРАЛ® маркасы қайызғақ, себорея дерматиті және дерматомикозға қарсы дәрілік заттар өндіреді. Емдік әсері 1976 жылы  Janssen Pharmaceutica корпорациясының зертханаларында синтезделген   кетоконазол заты арқылы жүзеге асады. 

Қайызғаққа қарсы препараттардың құрамына кіретін бұл компонент грибокқа қарсы әсер ететін имидазолдиоксоланның синтетикалық туындысы болып табылады. Ашытқы грибоктары (Malassezia spp.) мен дерматофиттерге (Trichophyton sp., Microsporum sp. Epidermophyton floccosum) қарсы белсенді әрекет етеді.

Шығарылатын түрлері     

НИЗОРАЛ® препараттары сусабын және крем түрінде өндіріледі. Екеуінің де белсенді әсер ететін компоненті ретінде кетоконазол қолданылады.

Қайызғаққа қарсы НИЗОРАЛ® сусабыны

Себореяға қарсы НИЗОРАЛ® сусабыны –  бұл тек жуу құралы емес, сондай-ақ дәрілік препарат болып табылады. Ол патогенді грибоктарды жойып, аурудың белгілерін азайтып, пайда болу себебіне қарсы әсер етеді. Бас терісін және шашты қайызғақтан және себорея дерматитінен емдеу кезінде қолданылатын НИЗОРАЛ®-дың әсерін зерттеу үшін 64 клиникалық зерттеу жүргізілді**. Сондай-ақ керемет нәтижесі тұтынушылардың препарат туралы тұрақты да оң пікірлерімен расталды.  

НИЗОРАЛ® кремі

Егер сусабын көбіне шаштағы қайызғақты емдеу құралы ретінде қолданылса, крем терінің әртүрлі жерлеріндегі грибок ауруларына қарсы әсер етуге арналған. НИЗОРАЛ®  кремі сырттай қолдануға арналған құрал ретінде қолдануға ұсынылады. Бұл препарат түрлі түсті теміреткі және басқа да дерматомикоздарды емдеуде тиімді екені расталған. Балаларға қолдану тәжірибесі болмағандықтан НИЗОРАЛ® кремі белгіленбейді.