Skip to main content

МЕТРОГИЛ ДЕНТА®

Препарат жайлы

Планета тұрғындарының басым көпшілігі пародонт ауруынан зардап шегеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша пародонт ауруының таралуы планетаның ересек тұрғындарының 95% дейін құрайды.1

Ай сайын пациенттердің көптеген саны қызыл иектің қабынуымен байланысты ақпарат іздеу үшін интернетке жүгінеді. Бұл гингивиттің жоғары таралуын және адамдардың бұл мәселені өз бетінше шешуге тырысатынын көрсетеді.2

Ауыз қуысының қабыну ауруларының дамуының негізгі себебі тіс түйіншектерінің микроағзалары деп есептеледі:

  • Ауыз қуысында 700-ден астам микроағза түрлері тіршілік етеді3
  • 80%-ға дейінгі бактериялар ауыз қуысының жұмсақ тіндерінде көбейеді
  • Бактериялардың тек 20-25%-ы тіс бетінде орналасқан4

Метрогил Дента® негізгі компоненттердің арқасында қызыл иектің қабынуын жоюға көмектесе алады:

  • Метронидазол – оған сезімтал микроағзалардың ДНҚ синтезін бұзады5
  • Хлоргексидин – қолданғаннан кейін 1 сағаттан соң биоүлдір бактерияларының 99,5%-ның өсуін тежеуге қабілетті6

Қызыл иектің қабынуы мен қанауы олардың түсуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл — ҚАЙТЫМСЫЗ! Уақтылы емдеу қызыл иектің түсуінің алдын алуға көмектеседі6 Метрогил Дента® жай ғана симптомдардың анықтығын азайтпай, қабынудың себебін жояды – патогенді микроағзаларды басады.

МЕТРОГИЛ ДЕНТА® препаратын қолдануға көрсетілім:

  • Гингивит
  • Пародонтит
  • Протездік стоматит
  • Гингивитпен асқынған пародонтоз
  • Афтозды стоматит
  • Ұяшық қабынуы
  • Периодонтит
  • Хейлит

Метрогил Дента® — ауыз қуысының қабыну ауруларының себебін — бактерияларды жоятын және ауыз қуысының қабыну ауруларының көпшілігі кезінде жарамды күшті жергілікті микробқа қарсы дәрілік зат.

Қолдану тәсілдері:

Препаратты күніне 2 рет, 7-10 күн бойы пайдалану қажет.

  • Сауығу мерзімдерін қысқартады
  • Ауырсыну сезімдерін азайтады
  • Күлдіреуік эпителизациясына 3-5 күнде қол жеткізуге мүмкіндік береді

МЕТРОГИЛ ДЕНТА® гелінің емдік қасиеттері

Метрогил Дента® қанауға бейім қызыл иекті 100%-ға дейін емдеуге көмектеседі.7 МЕТРОГИЛ ДЕНТА® тиімділігі ак. И. П. Павлов ат. Алғашқы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің терапевтік стоматология кафедрасымен тек серілген.

Метрогил Дента® артықшылықтары

  • Қолдануға ыңғайлы (гель)
  • Симптомдардың байқалуын жеңілдетіп қана қоймай, қабыну мен ауырсыну себептерін жояды
  • Ол емдеу үшін де, асқынудың алдын алу үшін де қолданылады
  • Ауыз қуысының қабыну ауруларының көпшілігіне, себептеріне қарамастан әсер етеді
  • Жағымды жалбыз дәмі бар
  • Жоғары қауіпсіздік профиліне ие

МЕТРОГИЛ ДЕНТА® дәрілік құралын медициналық пайдалану бойынша нұсқаулық®

1 WHO oral data bank, 2002

2 https://wordstat.yandex.ru деректері бойынша іздеу сұраныстарының саны

3 Aas J.A. Defining the normal bacterial flora of the oral cavity / J.A. Aas, B.J. Paster, L.N. Stokes, I. Olsen, F.E. Dewhirst // Journal of Clinical Microbiology. – 2005. – V. 43, № 11. – Р. 5721-5732

4 Kerry WJS, Geddes DAM The areas of various surfaces in the human mouth from nine years to adulthood //J. Dent Res – 1991 – №70 (12): 1528.

5 Грудняев А.И., Овчинникова В.В., Дмитриева Н. А., Микробқа қарсы және қабынуға қарсы терапия

6 Гингивитті және пародонтитті уақтылы емдеу қызыл иек рецессиясы сияқты осындай асқынуларға жол бермеуге мүмкіндік береді

7 Кешенді терапия құрамында. «Акад. И. П. Павлов атындағы Алғашқы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті, 2016 ж. мамыр – қыркүйек, Санкт-Петербург, Ресей» ЖБ ФМББМ зерттеулерінің нәтижелері бойынша. ПАРОДОНТОЛОГИЯ №1 (82) 2017

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСУ ЖӘНЕ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСУ ҚАЖЕТ.