Skip to main content

Имодиум® ішек жұмысын жылдам¹ қалпына келтіруге көмектеседі

Іштің өтуі ең қолайсыз сәтте басталуы және демалыс күндерінің жоспарын, жұмыс процесін бұзып, демалыстан ләззат алуға кедергі келтіруі мүмкін. Іш өтуге қарсы Имодиум® дәрілік құралы ішек тарапынан қолайсыз әсерлерді жылдам жоюға көмектеседі!

Имодиум® — ішектің толқи жиырылуын (бұлшықеттердің жұмысын) қалпына келтіретін іш өтуге қарсы дәрілік құрал.

Имодиум® ұшқыштардың жедел іш өту белгілерін емдеу үшін ұсынылған және ХҒС-ның дәріханалық жиынтығына кіреді (Халықаралық ғарыш станциясы)2. Имодиум®қасиеттері:

  • Препарат іш өту белгілерін жоя отырып6 бір сағат ішінде әсер ете бастайды3.
  • Имодиум® препаратын дәріхана желілерінің басым көпшілігінен сатып алуға болады.
  • Имодиум® ішек жұмысын қалпына келтіруге ықпал ете отырып, мәселені дұрыс шешеді.

Әсер ету механизмі: Имодиум® мәселені шешуге қалай көмектеседі?

Әсер етуші зат Имодиум® — лоперамид. Препараттың әсер ету механизмі ішектің моторлы функциясын қалпына келтіріп, анал тесігі қысқышының тонусын күшейтуінде, сол арқылы нәжіс шығару қажеттілігі азаяды. Имодиум® асқазан-ішек жолдары мәселелерінің жағымсыз әсерлерін жояды және мыналарға ықпал етеді:

  • Ішектің реттегіш моторлы функциясы (бұлшықеттердің жұмысы).
  • Ішектің суды сіңіруін қалпына келтіру.
  • Ішек саңылауларына сұйықтықтың бөлінуін азайту.

Имодиум® шығарылу формалары

Имодиум® препараты екі формада шығарылады:

  1. Капсулалар.
  2. Соруға арналған таблеткалар (езулі формат).

Формат — Имодиум® Езул4 — Zydis5 ерекше технологиясы бойынша өндірілген. Соруға арналған Имодиум® Езулі таблеткалары:

  • Бірнеше секундта тілде ериді3, артынан су ішудің қажеттілігі жоқ.
  • Арнайы қолайлы блистерге оралған.
  • Жағымды жалбыз дәмі бар.
  • Жұтуға қиналатын адамдардың пайдалануы үшін қолайлы.

Имодиум® препаратын қабылдау бойынша нұсқаулық

Өз-өзін емдеу сіздің денсаулығыңыз үшін зиянды болуы мүмкін. Дәріні қабылдамас бұрын, нұсқаулықпен танысу және дәрігермен кеңесу ұсынылады. Егер іш өту белгілері 48 сағат бойына сақталатын болса, дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

ИМОДИУМ® пайдалану бойынша нұсқаулықты жүктеп алу

Имодиум®. Іштің өтуімен жылдам және ұқыпты күреседі1.

  1. Жылдам әсер препараттың іштің өтуін тоқтатып, қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде әсер ете бастайтын әрекетін білдіреді. Эмери В., Дьюк Ф., Полак Дж., Ван ден Бувусен Г. Көпцентрлік қос зерттеу Керр.Тер.Рес.Клин Эксп. 1975 наурыз; 17(3):263-2. Мұқият әсер препараттың нұсқаулыққа сәйкес іш өтуге қарсы әрекеті, атап айтқанда ішектің пропульсиялық қозғалтқыш белсенділігінің төмендеуі және нәтижесінде препараттың сұйықтықтың және электролиттердің асқазан-ішек жолдары арқылы шығуын азайтуына ықпал ететін оның құрамының тасымалдану уақыты ұзартылатын әсерін білдіреді. Препараттың қарсы көрсетілімдері бар.
  2. Ғарыш станциясы пайдаланушысының анықтамасы http://spaceref.com/iss/medical.ops.html
  3. Имодиум® препаратын медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес 2-3 секундта ауызда ериді.
  4. Market research system “Pharm Explorer” деректеріне сәйкес 2016 жылы Украина нарығында езулік таблеткалар түріндегі басқа препараттар ұсынылмаған.
  5. Zydis (Зайдис) технологиясы бойынша препараттар тек Каталент ЮК Суиндон Зайдис Лимитед зауытында ғана өндіріледі http://www.catalent.com/index.php/offerings/A-Z-Offerings/zydis

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП, НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ.