Skip to main content

Жаңа туған бала терісі

Сіздің жаңа туған сәбиіңіздің терісі сіздікінен ерекшеленеді және арнайы қосымша күтімді қажет етеді. Берілген тарауда сіз бала терісі туралы күтім жасаудың не үшін маңызды екенін, мұны қалай жақсырақ істеуге болатынын білесіз, сонымен бірге бала терісінің бірнеше кең таралған жағдайларымен таныса алатын боласыз.

Бала терісі туралы

Жаңа туған баланың терісі таңғаларлық жұмсақ болып қана табылмайды, сонымен бірге ол оны сыртқы әлемнен қорғайтын негізгі әмбебап қалқан болып табылады. Тері денсаулықты қолдауда және тітіркендіргіштерден, токсиндерден және инфекциялардан қорғаныста маңызды рөлге ие. Сонымен бірге ол сәби денесінің температурасын ретке келтіреді. Дәл тері баланың қоршаған әлеммен жанасу арқылы танысу үшін арналған ерекше құрал болып табылады.

Бала терісі ересектің терісінен ерекшеленеді және әсіресе өмірінің алғашқы жылдарында ерекше қосымша күтімді қажет етеді. Ересек адамның терісімен салыстырғанда бала терісі:

  • шамамен 5 есе жұқа;
  • құрғақтыққа үлкен бейімдеушілікке ие;
  • аллергия мен тітіркенуге көп бейім;
  • суды көбірек сіңіреді, сонымен бірге одан тезірек айырылады.