Skip to main content

Сәбиді шомылдыру, жуып-шаю және жуу процедурасы

Емшектегі баланы жүйелі түрде жуу мен жуып-шаю - бұл оны бұлауда шомылдырудың кең таралған баламасы болып табылады. Мұнда сізге күн сайынғы, көбінесе таңғы сәби дәретіне қадамдық қосымша басшылық көмектеседі.

Кіріспе

Бала терісінің тазалығын қадағалау оның жақсы көңіл күйін қалыпта ұстау үшін өте маңызды болып табылады, бұдан бөлек бала күтімі сіздердің арасындағы эмоционалды байланысты қалыптастыру мен бекітудің керемет мүмкіндігі болып табылады. Акушерлер мен мамандардың көбісі баланың өсіп келуі шамасы бойынша жиілікті арттыра отырып, аптасына екі немесе үш рет жаңадан туылған балаларды ұсынады. Тіпті егер сіз күн сайын баланы ваннада шомылдыра алмайтын болсаңыз, жуу мен жуып-шаю әсіресе таңертеңгі процедуралар кезінде жаңадан туылған балалардың көптеген аналары пайдаланатын балама болып табылады. Күні бойы сіз жөргектердің тазалығы мен оларды ауыстыруды қадағалап отыруыңыз керек, сонымен бірге сәбидің беті, иектің астындағы тері мен қолдары әрбір емізуден кейін таза болып қалуын қадағалауыңыз керек.

Дайындық

Бөлменің жылы екендігіне көз жеткізіңіз (24 °C), себебі емшектегі балаларға тез суық болады. Шомылдыру үшін сізге келесілер қажет болады:

Процедурадан кейін қолданыңыз:

Процедура қалай жүргізіледі

Шомылдыруға дайындық. Алдымен бұлауға жылы су құю қажет, қажеттілігіне байланысты көбірек жылы суды қосу қажет. Сәбидің осы процедураға бейімделуі үшін онымен бірнеше минут сөйлесіп алыңыз. Бұдан кейін жөргектен басқасының барлығын алып тастап, сәбидің киімін шешіңіз және оны сүлгіге ораңыз.

Көздер. Сәбидің басын ұстай отырып, жылы суда суландырылған мақталы таяқшамен, көз айналасындағы облысты жуып тастаңыз. Мақталы таяқшаларды пайдаланудың артықшылығы олардың көзге кішкентай бөлшектердің түсіп кетуіне жол бермей, өзінің бүтіндігін сақтайтынында болып табылады. Әр кезде жаңа таяқшаны пайдалана отырып, ішкі бұрыштан сыртқа қарай бағыт бойынша қозғалыстарды жасай отырып, әрбір көзді жуып тастаңыз. Бұл кезде көздердің өзіне тимеңіз. Егер құрғап қалған іріңдер жоқ болатын болса, көздің айналасын жумауға болады.

Бет. Суда суланған мақталы диск немесе жұмсақ майлықтың көмегімен ортасынан шетке қарай бағыт бойынша қозғала отырып, сәбидің ауыз бен мұрын айналасының облысын, сонымен бірге барлық бетті мұқият сүртіп шығыңыз. Сонымен бірге құлақ артындағы облыстарға, иек астындағы және мойындағы тыртыстарға назар аударыңыз. Есте сақтаңыз, бұл ретте құлақ арнасы немесе мұрынға ештеңе түсіп кетпеуі тиіс. Бетті мұқият құрғатып малыңыз.

Шаш. Баланың арқасы мен басын қолмен ұстай отырып, оны сүлгіге ораңыз. Бос қолмен сіздің балаңыздың басын жұмсақ жөкенің көмегімен сулап шығыңыз. Көздерді ашытпайтын «Енді көз жасы жоқ®» формуласы бар JOHNSON 'S® Baby «Бастан табанға дейін» Көпіршік-сусабыны секілді сәбидің нәзік күтіміне арналған құралдың кішкене мөлшерін пайдаланыңыз - нәзік массажды қозғалыстармен оны бастың толық беткейіне жағыңыз. Сіздің балаңыздың басында әлі де сүйектенбеген учаскелер - еңбектің бар екендігін есте сақтаңыз, сондықтан осы облысты қауіпсіз жуу үшін жұмсақ және нәзік қозғалыстармен жанасқан жөн. Сіздің балаңыздың шашын күтімге арналған құралды толығымен шығарып тастауға дейін сумен жақсылап жуып тастаңыз. Осыдан кейін жылуды сақтау үшін сәбидің басын сүлгімен ораңыз.

НеЖөргек астындағы бөлік. Денесінің жоғары бөлігі жұмсақ сүлгіге оралған сәбиді көтермей жөргекті алып тастаңыз. Жөргек астындағы бөлікті жылы сумен және жұмсақ жуғыш құралмен (немесе арнайы балалар формуласы бар құралмен) жуып тастаңыз: шапты облыстағы барлық бүкпелерді мұқият сүртіп шығыңыз. Бұл ретте судың ағыны осы бөлікті алдынан артына қарай жууы керек.

Қорғағыс. Таза теріні ылғалдандыру үшін және сәбиге ыңғайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін сіз нәзік күтім үшін арналған құралдарды пайдалана аласыз. JOHNSON'S® Baby «Ұқыпты күтім» Сүтшесі гипоаллергенді*, бұл арнайы дерматологиялық зерттеулермен расталған. Сонымен бірге сіз жөргек астындағы облыста бөртпенің пайда болуының алдын алатын қорғаныс кремді қолдана аласыз. JOHNSON 'S® Baby Жөргек астына арналған кремі сәби терісінің жұмсақ және нәзік қорғанысын қамтамасыз етеді.

Киіндіру. Енді өзіңіздің балаңызды киіндіріңіз және оны жылуды сақтау үшін көрпеге ораңыз. Өзіңіздің оралған сәбиіңізді қатты ұстай отырып, сіз қалыпты уақыт өткізуге және бір-біріңізбен сөйлесуден ләззат алуға қайта аласыз.

* формула аллергия тәуекелін минимумға келтіру үшін әзірленген