Skip to main content

Серуендеуге

Балалар үшін әлем керемет жаңалықтарға толы. Сәби көретін жаңалықтың барлығы оның ұстап көру ықыласын, ал кейде тіпті дәмін татып көру ықыласын тудырады. Әсіресе серуендеуде балалардың әуесқойлығына тыйым салу қиын болып келеді. Әлемді қарқынды тани отырып, олар жиі құлайды, лас заттарға қол тигізеді, жануарларға жанасады және ең күтпеген жерлерге кіріп кетеді. Осылардың барлығы олардың денсаулығын маңызды тәуекелге алып келеді, себебі балалар иммунитеті ересектікіне қарағанда көбірек әлсіз және бактериялар мен вирустардың әсеріне аса сезгіш болып келеді. Міне сол үшін қолда су болмаған жағдайларда өзімен бірге сәбидің терісін ластанудан тазартып қана қоймай, микробтарды да жоя алатын тиімді гигиеналық құралды ұстап жүрген жөн.

Серуендегі қорғаныстың оңтайлы құралы болып құрамында антибактериалды компоненттер болатын гигиеналық майлықтар қызмет ете алады. Алайда сәби үшін құрамында аллергияны тудыратын және терінің тітіркенуін тудыратын заттар болмайтын майлықтарды пайдаланған дұрыс. Міне сол үшін құрамына көп назар аудара отырып, құралдарды мұқият таңдаған жөн. Майлықтардағы ерітіндіде спирттің болмағаны маңызды. Онда ылғалдандырғыш және жұмсартқыш компоненттердің болғаны жақсы. Серуендеуге шыға отырып нәзік бала терісін тазарту үшін арнайы әзірленген дымқыл гигиеналық майлықтардың орамасын өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз, және қандай жағдай болмасын, сіз әрқашан сіздің балаңыздың терісін ластанудан, бактериялар мен микробтардан өз уақытында қорғай аласыз.

  • «Тазартқыш майлықтар»
  • «Pure Protect антибактериялық сызығы»