Skip to main content

Массажды қалай дұрыс жасау керек

Ғылыми зерттеулер оның сәбилер үшін өте маңызды болып табылатындығын көрсетіп отыр. Сіздің кішкентайыңызға массажды өзіңіз неге жасап көрмеске? Бұл тарауда сіз неден бастау керектігі туралы қарапайым кеңестерді табасыз.

Берілген парақшада орналастырылған барлық ақпарат анықтамалық сипатқа ие және медициналық қызметкердің кеңесі болып санала алмайды немесе оны алмастыра алмайды. Нақтырақ және өзекті ақпаратты алу үшін біз сізге маманға баруды ұсынамыз.

Массаж несімен пайдалы?

Балалар массажы мыңдаған жылдың ішінде көптеген мәдениеттерде қолданылған, және зерттеулер оның сәбилерге үлкен пайда алып келетіндігін көрсетеді. Осы мақалалар мен пайдалы кеңестерді оқи отырып, сіз массаж негіздері туралы білесіз және арнайы курстарда бастап келе жатқан массажисттерге әдетте нені оқытытатындығы туралы түсінікке ие боласыз. Массаждың арқасында сіз сәбиіңізге шындығында ненің қажет екендігін және өмірінің алғашқы айларында оған қалай қамқорлық жасау керектігі туралы жақсырақ білетін боласыз. Сіз екеуіңізге ненің сәйкес келетіндігін білесіз. Массаждың баламен тығыз өзара әрекеттесу процессі екендігін есте сақтау керек.

Егер сіз массаж туралы толығырақ білгіңіз келсе, маманға жүгінгеніңіз жөн. Оңтайлы нұсқа - бұл сіз барлығын дұрыс және қауіпсіз жасауға үйренетін балалар массажы бойынша оқытатын сабақтарға бару.

Жүйелі массаж келесі оң әсерлер ие болады:

  • Сіз өзіңіздің сәбиіңізді жақсырақ түсінетін боласыз.
  • Бала тынышырақ болады, аз жылайтын болады.
  • Массаж ас қорытуды жақсартады, шаншуларға, газдар мен іш қатулардың пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
  • Сіздің сәбиіңіздің ұйқысы тереңірек және ұзақ болады.
  • Массаж, егер баланың тістері шығып жатса немесе мұрны толып қалса, ауру мен жайсыздықтан айрылтады.
  • Бұлшықет тонусын, координация мен икемділікті дамытады.
  • Сәбиге өзінің денесін бақылауға көмектеседі.
  • Иммунды жүйе жұмысы жақсартады.
  • Теріні аса жұмсақ және нәзік етеді.
  • Сіз және сіздің сәбиіңізге босаңсуға көмектеседі.
  • Ата-аналар баласына сенімді түрде қарай бастайды.

Неден бастау керек

  • Сіздің сәбиіңіз ұйықтамай жатқан, қарны аш емес және аса қатты тоймаған уақытты таңдаңыз.
  • Бөлмені дайындаңыз: онда жылы болу тиіс, ал жарықтану жарық болмау керек.
  • Өзіңіздің жаныңызға майды, сүлгіні, таза жөргектер мен киімді қойыңыз.
  • Қолдарыңызды жуыңыз, әшекейлерді алып тастаңыз (мысалы, қол сағаттары).
  • Массажды жүргізуге таңдалған орынның қауіпсіз және ыңғайлы екеніне көз жеткізіңіз. Сәбиді оның сіздің бетіңізді жақсы көретіндей қойыңыз.
  • Массажды бастаудың алдында бойыңызды еркін ұстаңыз, бірнеше терең тыныс алыңыз, мәселелер туралы ұмытып көріңіз.
  • Барлық балалардың әр түрлі екенін және олардың мінезінің жасына байланысты өзгеруі мүмкін екендігін есте сақтаңыз. Мысалы, жаңадан туылған балалар, егер оларды толығымен шешіндірмесе және денеге жақын ұстайтын болса, өздерін жайлырақ сезінеді.