Skip to main content

МИКРОЛАКС® микроклизмасы — іш қатуы кезіндегі құрал!

МИКРОЛАКС® – жылдам әсер ететін зиянсыз іш өткізетін құрал. Құрамында препараттың 5 мл бар бір реттік микроклизма болып табылады. 

МИКРОЛАКС® – қауіпсіздік профилі жоғары препарат, жылдам әсер ететін іш жүргізетін құрал. Препараттың 5 мл құрайтын, бір реттік микроклизмадан тұрады.

Жылдам

Тұрақсыз дәрет немесе нәжіс шығару кезінде қиналу әр түрлі себептерге байланысты пайда болып, ішек жұмысының тұрақты бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан ересектер мен балаларда іш қату мәселесінің қауіпсіз түрдегі шешімін іздеу өзектілігін жоғалтпайды. Мұндай жағдайдың алдын алу және ішектің босатылуын жеңілдету үшін, қолданылуы бойынша жасқа байланысты шектеуі жоқ ішті жүргізетін МИКРОЛАКС® препараты әзірленген.

МИКРОЛАКС® құралы іш қатуының – дамыған елдерде 30-дан 50 %-ға дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдарға танымал мәселенің алдын алады. Сырқат зиянсыз емес және тиісті түрде емдемеген жағдайда көптеген жағымсыз әсерлерге ұшыратуға қабілетті. Барлық жастағы адамдарға іш қату кезінде пайдалану ұсынылатын МИКРОЛАКС®, бар болғаны 15 минуттан кейін іштің қатуын жояды және мүмкін болатын асқынулардың алдын алады.​

Препараттың артықшылықтары

МИКРОЛАКС® – бір рет пайдаланылатын микроклизма түрінде ұсынылған жоғарғы қауіпсіздік профилі бар ересектер мен балаларда іштің қатуына қарсы құрал. Оның басты артықшылықтары — гигиеналығы, жылдам әсер етуі және пайдалану ыңғайлылығы.

Гигиеналығы. Микроклизманың құрамында бір рет енгізілетін іш жүргізу құралының қажетті мөлшері бар. Әдеттегі клизмамен салыстырғанда, іштің қатуына қарсы МИКРОЛАКС® микроклизмасы

алдын ала антисептикалық өңдеуді қажет етпейді және толығымен пайдалануға дайын.

Әсер ету уақыты. МИКРОЛАКС® микроклизмасы 15 минут ішінде әсер ете бастайды: іш жүргізетін құрал тығыз нәжіс массасының шығуын жеңілдетіп және ішектің жұмсақ босап шығуына ықпал ете отырып, оны жұмсартады.

Қауіпсіздік профилі. Жергілікті әсер ететін жылдам әсері бар іш жүргізетін құрал бола отырып, МИКРОЛАКС® тік ішекте жиналған тығыз нәжіс массаларына тікелей әсер етеді және жоғарыда орналасқан ас қорыту жүйелеріне әсер етпейді. Іш жүргізетін құрал балаларға алғашқы күннен бастап қолданылады. Сонымен қатар микроклизманы жүктілік кезінде (триместр кезінде) және емізу кезінде қолдануға рұқсат етіледі.

Ыңғайлылық. Іштің қатуына қарсы берілген құралды пайдалану барысында жеке мөлшерлемені таңдау қажеттілігі жоқ: тұтіктің құрамында препарттың ішті жүргізу әсерін беруге оңтайлы мөлшері бар (5 мл). Микроклизма шеттері дөңгелектелген иілгіш ұштық-аппликаторы бар ыдыстан тұрады. Ол іш жүргізетін құралды қауіпсіз ендіруге мүмкіндік береді. Ересектерге ұштықты бүкіл ұзындығы бойынша, балаларға – жартылай енгізу қажет. МИКРОЛАКС® клизмасын 3 жасқа дейінгі балаларға қолдану ыңғайлы болуы үшін, аппликаторға тік ішекке енгізудің қажетті тереңдігіне сай келетін белгі жасалған.

МИКРОЛАКС® қалай әсер етеді?

Іш жүргізетін МИКРОЛАКС® құралы қалай әсер етеді? Қауіпсіздік профилі жоғары Микролакс препараты асқазан-ішек жолының басқа бөлімдеріне енбестен, тік ішекте «кептеліс» тудыратын нәжіс массаларына әсер етеді. Құралды енгізгеннен кейін препараттың белсенді заттарының кешені (натрий цитраты, натрий лаурилсульфоацетаты және сорбитол ерітіндісі) тығыз нәжіс массаларын жұмсартуға, іш жүргізу әсерін беруге және іштің қатуын жұмсақ түрде жоюға көмектеседі.