Skip to main content

Шарттарға өзгерістер енгізу

Пайдаланудың заңды шарттары

Бұл веб-сайт («Веб-сайт») осы Пайдалану шарттарына, сондай-ақ «Джонсон &Джонсон» ЖШҚ немесе оның қандай да бір үлестес компаниялары кейде енгізуі мүмкін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сіздерге ұсынылып отыр (әрі қарай бірге «Веб-сайт иесі», «біз», «бізді», «бізге» деп аталады). Бұл Веб-сайтты немесе Веб-сайт (немесе ұялы бағдарламалық қамтамасыз етілім) арқылы берілген қандай да бір басқа қызметтерді немесе контентті пайдалану Келісім жасаған жағдайда заңды күші бар Келісім талаптарымен заңды тұрғыдан байланысты болатынына келісім береді. Егер Келісімнің шарттарымен келіспесеңіз, Веб-сайтқа кірмеуіңізді және пайдаланбауыңызды, сондай-ақ оны пайдалана отырып орналастырмауыңызды және қандай да бір материалдарды бермеуіңізді өтінеміз.

Веб-сайттың болжамды аудиториясы

Веб-сайт Қазақстан Республикасының тұрғындарына арналады. Веб-сайт 18 жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған. 

Ақпаратқа байланысты жауапкершіліктен бас тарту 

ВЕБ-САЙТТАҒЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДАҒЫ АҚПАРАТ ЖАЛПЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. АҚПАРАТ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРУ ЕМЕС, ЖӘНЕ ДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИАГНОЗ ҚОЮ ҮШІН НЕМЕСЕ ЕМДЕУ ҮШІН НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛМАЙДЫ. СОНДАЙ-АҚ БҰЛ САЙТ КӘСІБИ КЕҢЕС БЕРУДІ ЖӘНЕ СІЗ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ ФАКТІЛЕРДЕН ХАБАРДАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ОРНЫН АЛМАСТЫРА АЛМАЙДЫ. ҚАНДАЙ ДА БІР СЫРҚАТЫҢЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ЕМ БЕЛГІЛЕГЕНГЕ ДЕЙІН КЕҢЕС АЛУ ҮШІН ӨЗІҢІЗДІҢ ДӘРІГЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗГЕ БІЛІКТІ МАМАНЫНА ЖҮГІНІҢІЗ. ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚОСЫМША БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ВЕБ-САЙТТА ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН ЕСКЕРТУЛЕР АРҚЫЛЫ РЕТТЕЛЕДІ.

ВЕБ-САЙТТАҒЫ АҚПАРАТ, ҚЫЗМЕТ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ МАТЕРИАЛ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ӘРЕКЕТТЕРГЕ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТСІЗДІККЕ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ҚАТЫСЫ БАР САЛДАР ҮШІН БІЗ ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ МОЙНЫМЫЗҒА АЛМАЙМЫЗ. ВЕБ-САЙТТАҒЫ АҚПАРАТТЫҢ ДӘЛДІГІН, ТОЛЫҚТЫҒЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ, БІЗ ЕШҚАНДАЙ РАСТАУ БЕРМЕЙМІЗ ЖӘНЕ ВЕБ-САЙТТАҒЫ АҚПАРАТТЫҢ ДӘЛДІГІМЕН, ТОЛЫҚТЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ ӨЗЕКТІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЗАЛАЛ НЕМЕСЕ ЗИЯН ҮШІН ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ БОЛМАЙМЫЗ.         

Меншік құқығы

Веб-сайт коммерциялық емес жеке мақсатта пайдалануға ғана арналған. Веб-сайт интеллектуалды меншік құқықтарының бәрі қамтылған Веб-сайт иесінің меншігі болып табылатындығымен және оларды осы Пайдалану шарттарында көрсетілгеннен өзгеше мақсатта пайдалануға құқысыз екеніңізбен келісесіз. Веб-сайтты пайдалануға немесе Пайдалану шарттарында көзделмеген өзге де мақсаттарға байланысты сізге келтірілген зиян немесе залал үшін біз жауап бермейміз. Веб-сайтқа кіруден немесе оны тоқтатудан өз ұйғарымымыз бойынша бас тартуға құқылымыз. Веб-сайтқа кіру тегін, біз Веб-сайтқа техникалық қызмет көрсету немесе қолдау бойынша қандай да бір қызметтер көрсетуге міндетті емеспіз, сондай-ақ Веб-сайтқа техникалық қызмет көрсетуді немесе жаңартуды  жүзеге асырмау нәтижесінде келтірілген зиян немесе залал үшін ешқандай жауапкершілікте болмаймыз.

Веб-сайтты көшіруге, өзгертуге немесе қайта пайдалануға, Веб-сайтты немесе оның бір бөлігін, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңартуға құқыңыз жоқ. 

Веб-сайтты осы Пайдалану шарттарына сәйкес заңды мақсатта ғана пайдалана аласыз. Авторлық құқықтар туралы хабарламаларды немесе контентте орналастырылған өзге де хабарламаларды өшірмейсіз немесе жасырмайсыз деген шартпен Веб-сайтта жеке коммерциялық емес мақсатта алынған контентті көруге, басып шығаруға және таратуға жай, берілмейтін, қайтарып алынатын, шектеулі лицензия беріледі. Веб-сайттан қандай да бір мақсат үшін қандай да бір жолмен алынған телекоммуникацияның көмегімен контентті көшіруге, қайта басып шығаруға, өзгертуге, орналастыруға, орындауға, аударуға, таратуға, бейімдеуге, трансляциялауға, қоғамға беруге немесе Веб-сайт Иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз басқа да веб-сайттарды қоса алғанда, оны қандай да бір коммерциялық дереккөзге ұсынуға құқыңыз жоқ. 

Сонымен қатар мыналармен келісесіз: (i) пайдаланушының Веб-сайтты пайдалану арқылы іс-әрекеттерін нақты уақыт режимінде жүзеге асыру қабілетін қоса алғанда, Веб-сайтты қатерсіздендіретін, қайта жүктейтін, зиян келтіретін немесе сапасын төмендететін қандай да бір жол арқылы Веб-сайтты пайдаланбау; (ii) Веб-сайтқа қандай да бір материалдарды жинау, бақылау немесе көшіруді қоса алғанда, қандай да бір мақсаттар үшін Веб-сайтқа кіру кезінде робот бағдарламаларды, аралаушы бағдарламаларды немесе басқа да автоматы құрылғыларды, процестерді немесе тәсілдерді пайдаланбау; (iii) Веб-сайтта орналастырылған қандай да бір материалды бақылау немесе көшіру үшін қолмен жасалатын процесті пайдаланбау және Веб-сайт Иесінің алдын ала білдірген жазбаша келісімінсіз қандай да бір қарастырылмаған мақсатта пайдаланбау; (iv) Веб-сайттың қалыпты жұмысын бұзатын ешқандай құрылғыны, бағдарламалық қамтамасыз етілімді немесе әдіс-тәсілдерді пайдаланбау; немесе  (v) Веб-сайттың қалыпты жұмыс істеуіне басқаша араласуға тырыспау.

Сізге ашық тәсіл арқылы айтылмаған нәрселердің бәріне біз құқылымыз. 

Құпиялылық және мәліметтерді пайдалануға келісім беру  

Тіркеу барысын қоса алғанда, Веб-сайтты пайдалану нәтижесінде алатын ақпаратқа қатысты Құпиялылық ережесі пайдаланылады. Біздің қабылдаған Құпиялылық ережеміз осы сияқты ақпаратқа қатысты құқықтарыңызды қоса алғанда, бізге берген мәліметтерді жинауға және пайдалануға қатысты болады.  

Электронды коммуникация

Веб-сайт арқылы берілетін ақпарат электронды коммуникация болып табылады. Веб-сайт немесе электронды пошта сияқты электронды байланыстың өзге де формалары арқылы жасалатын коммуникация барысында мұндай коммуникация электронды түрде жүзеге асырылады. Жеке мәліметтерді қорғау туралы жергілікті заңдарға сәйкес коммуникацияны электронды формада жүзеге асыратынымызбен, сондай-ақ біздің сіздерге электронды құралдардың көмегімен беретін хабарламаларымыз, ақпаратты ашуымыз, келісімдеріміз және өзге де хабарламаларымыз жазбаша түрдегі коммуникациямен тең құқылы болып табылатындығымен және қағаз жүзінде жасалып, жолдаушы тарапынан қол қойылғандағыдай әсері болатындығымен келісесіз. 

Қосымша шарттар

Ұсыныстар, жүлделер ұту ойындары, байқаулар, жарыстар және лотерея сияқты белгілі бір сипаттамаларға немесе контентке қатысты қосымша шарттар пайдаланылуы мүмкін. Қосымша шарттар арқылы реттелетін, Ресми ережелер пайдаланылатын жүлделер ұту ойыны, жарыс, байқау немесе лотерея сияқты Веб-сайттағы қандай да бір іс-шараларға қатыса отырып, осы сияқты қосымша шарттарды осы Пайдалану ережесімен қатар ұстануға келісесіз. 

Веб-сайтты пайдалануға қатысты кепілдіктерден бас тарту 

ВЕБ-САЙТ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ЖӘНЕ «ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ҚАРАЙ» ДЕГЕН ШАРТПЕН ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР. ЕГЕР БҰЛ ҚҰЖАТТА ӨЗГЕ БІР НӘРСЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЫНША ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ БІРЖАҚТЫ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, ВЕБ-САЙТТЫҢ ИЕСІ БАСҚАЛАРЫН ҚОСА АЛҒАНДА, ЗАҢ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНҒАН КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕН, САТУ ҮШІН, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҚ КЕПІЛДІГІНЕН НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРУДЕН БІРЖАҚТЫ БАС ТАРТАДЫ. 

ВЕБ-САЙТТЫҢ ИЕСІ ВЕБ-САЙТТЫҢ СІЗДІҢ ТАЛАПТАРЫҢЫЗҒА СӘЙКЕС КЕЛУІНЕ НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТҚА КІРУГЕ ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ТҰРАҚТЫ, УАҚЫТЫНДА, ҚАУІПСІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫНА НЕМЕСЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОЛАРДЫҢ ШЕТТЕТІЛЕТІНІНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. ВЕБ-САЙТТЫҢ ИЕСІ ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУДАН ТҮСКЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТТЫҢ КӨМЕГІМЕН АЛЫНҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР АҚПАРАТТЫҢ ДӘЛДІГІ, САПАСЫ НЕМЕСЕ СЕНІМДІЛІГІ ҮШІН ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. 

ВЕБ-САЙТТАН ЖҮКТЕЛГЕН НЕМЕСЕ БАСҚАША ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КЕЗ КЕЛГЕН МАТЕРИАЛДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МӘЛІМЕТТЕРДІ ТӘУЕКЕЛГЕ БАРА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНАТЫНЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ДЕ КОМПЬЮТЕР ЖҮЙЕҢІЗГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН НЕМЕСЕ ОСЫ СИЯҚТЫ МАТЕРИАЛДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖҮКТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОҒАЛҒАНЫ ҮШІН ЖЕКЕ ӨЗ БАСЫҢ ЖАУАПТЫ БОЛАТЫНЫН ТҮСІНЕСІЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕСІЗ. 

ОСЫ ШАРТТАРДА КЕПІЛДІК ҚАРАСТЫРЫЛМАСА, ВЕБ-САЙТ ИЕСІНЕН НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТ АРҚЫЛЫ АУЫЗША НЕМЕСЕ ЖАЗБАША АЛҒАН ЕШҚАНДАЙ КЕҢЕСКЕ НЕМЕСЕ АҚПАРАТҚА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ.

Жауапкершілікті шектеу

ВЕБ-САЙТ ИЕСІ, ОНЫҢ ҮЛЕСТЕС КОМПАНИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІСТІ ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕНІМДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨКІЛДЕРІ БАСҚАСЫН ҚОСА АЛҒАНДА, ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНІҢ ЖОҒАЛУЫ, ТАБЫС, ҮНЕМ НЕМЕСЕ ПАЙДА АЛМАУ, МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫ, ГУДВИЛДІҢ ЖОЙЫЛУЫ, ОРЫН АЛМАСТЫРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫН НЕМЕСЕ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫССЫЗ, ДЕЛИКТ (НЕМҚҰРАЙЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚАТАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚОСА АЛҒАНДА) САЛДАРЫНАН ШАРТТЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН ТУЫНДАҒАН НЕМЕСЕ (1) ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУДАН НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНБАУДАН; (2) ОРЫН АЛМАСТЫРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ, ЗАТТАРДЫҢ НЕМЕСЕ ВЕБ-САЙТТАРДЫҢ ҚҰНЫНАН; (3) БЕРІЛЕТІН АҚПАРАТТЫҢ НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ РҰҚСАТСЫЗ АЛУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУ; (4) ВЕБ-САЙТТАҒЫ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ ӨТІНІМІ НЕМЕСЕ МІНЕЗІ; НЕМЕСЕ (5) ВЕБ-САЙТПЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДА СҰРАҚТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, НАҚТЫ, КЕЗДЕЙСОҚ, КЕЙІНГІ, АЙЫППҰЛ НЕМЕСЕ ҰЛҒАЙТЫЛҒАН ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ БОЛМАЙДЫ. ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР ВЕБ-САЙТ ИЕСІНЕ МҰНДАЙ ЗАЛАЛДАРДЫҢ ТУЫНДАУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ МӘЛІМ БОЛҒАН-БОЛМАҒАНЫНА, СОНДАЙ-АҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БАЙЛАНЫССЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛЫП ТАСТАУ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨЛЕМДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

Тауар белгілері туралы хабарламалар

Веб-сайтқа жарияланған тауар белгілері мен брендтер Веб-сайт иесінің, оның үлестес компанияларының немесе бөтен сайт иелерінің меншігі болып табылады. Біздің алдын ала берген жазбаша келісімдерімізсіз Веб-сайт иесіне жататын тауар белгілерін немесе қызмет көрсету белгілерін пайдалануға немесе орналастыруға құқыңыз жоқ. Веб-сайт иесінің рұқсатынсыз қандай да бір өзге тауар белгілерін немесе қызмет көрсету белгілерін пайдалануға немесе орналастыруға құқыңыз жоқ. 

Веб-сайт жұмысын өзгерту және уақытша тоқтату 

Веб-сайтты пайдалануға беруге бар күш-жігерімізді жұмсауға міндеттіміз, десе де кейде ешкімге ешқандай хабарлама жолдамай-ақ Веб-сайттың немесе оның бір бөлігінің жұмысын уақытша немесе үнемі үзуге, шектеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға тура келеді. Осы сияқты іс-әрекеттер нәтижесінде туындаған залал немесе зиян үшін біз жауапкершілікте болмаймыз. 

Тоқтату

Егер осы Пайдалану шарттарын және Қауымдастыққа арналған нұсқаулықты бұзуды қоса алғанда, біздің негізді себептеріміз болса, сіздің Веб-сайтты пайдалануыңызды немесе кіруіңізді тоқтатуға және алдын ала хабарламай-ақ Пайдаланушы контентін толық немесе жартылай өшіруге құқылымыз. Көрсетілген жағдайларда Веб-сайтты пайдалануды тоқтату салдарынан туындауы мүмкін зиян немесе залал үшін біз жауапты болмаймыз. Веб-сайтты пайдалануды тоқтатқан жағдайда Веб-сайтты пайдалануды тоқтатуыңыз тиіс және де сіз осы сияқты тоқтатудан кейін Меншік құқығына, Тауар белгілері туралы хабарламаларға, Өтеу кепілдіктеріне, Жауапкершіліктен бас тартуға немесе Кепілдіктерге, Жауапкершілікті шектеуге және Қолданылатын құқыққа қатысты Келісімнің ережелерімен келісесіз. 

Бөтен веб-сайттарға берілген сілтемелер

Бұл Веб-сайтта бөтен веб-сайттарға берілген сілтемелер немесе олар туралы ескертулер бар. Мұндай сілтемелер сіздерге ыңғайлы болу үшін беріледі. Веб-сайтта берілген, ескертілген немесе Веб-сайтқа кіру үшін берілген сілтемелер немесе Веб-сайтқа кіруге болатын қандай да бір үшінші тараптың ешқандай ақпараты, материалы немесе контенті үшінші тұлғалардың айқын білдіретін немесе тұспалдайтын қандай да бір өнімін, қызметтерін немесе ақпаратын мақұлдауға негіз болып табылады. Осы сияқты үшінші тұлғалардың басқа веб-сайттар немесе өздерінің веб-сайттары арқылы басқаша жолмен сілтеме берілген кез келген ақпарат, мәліметтер, пікірлер, ұсыныстар, өнімдер немесе қызметтер Веб-сайт иесіне емес, тек сол үшінші тұлғаларға ғана тиесілі болады. Осы сияқты веб-сайттарды пайдалану осы веб-сайттардың пайдалану шарттары және құпиялылық саясаты арқылы реттеледі. 

Өтеу кепілдігі

Веб-сайт иесін және оның үлестес компанияларын, сондай-ақ олардың тиісті директорларын, қызметкерлерін, жұмысшыларын, агенттерін немесе басқа да өкілдерін басқаларын қоса алғанда, (а) осы Пайдалану шарттарын бұзуға; (b) басқасын қоса алғанда, осы Веб-сайтты пайдалану, беру немесе Веб-сайтқа ақпарат немесе материалдар орналастыруға; және (с) Пайдаланушы контенті интеллектуалды меншік құқығын, өзге де мүліктік құқықтарды немесе қандай да бір үшінші тұлғаның жеке өміріне қол сұғу құқықтары туралы қандай да бір талап-тілектеріне немесе өтініміне байланысты немесе солардан туындайтын сот шығындарын қоса алғанда, барлық талап-тілектерден, жауапкершіліктен, залалдан және шығыннан сақтауға және олардың орнын өтеуге келісесіз.

Шарттарға өзгерістер енгізу

Кейде жеке ұйғарымымыз бойынша Пайдалану шарттарына өзгертулер енгізуге құқылымыз, оларға тіркелген жаңартулар Веб-сайтқа Пайдаланушы шарттарының жаңа редакциясы күшіне енген күнін көрсете отырып жарияланады. Пайдалану шарттарының басында көрсетілген «Соңғы өзгеріс» күні соңғы өзгерістің енгізілген күнін көрсетіп тұрады. Пайдалану шарттарының жаңа нұсқасын жариялағаннан кейін Веб-сайтты әрі қарай пайдалануыңыз енгізілген өзгерістермен келісетініңізді білдіреді. Тиісінше, Веб-сайтқа кірген сайын Келісімнің жаңа нұсқасының шыққан-шықпағанын тексеріп отыруыңыз тиіс. 

Байланыс ақпараты

Осы Пайдалану шарттарына немесе Веб-сайтқа қатысты қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда Құпиялылық саясатында немесе Веб-сайттың «Байланысу» деген бөлімінде көрсетілген мәліметтерді пайдалана отырып хабарласа аласыз.

Келісім ережелерінің тәуелсіздігі

Осы Пайдалану шарттарының қандай да бір бөлігі немесе ережесі заңсыз, күші жоқ, жарамсыз немесе орындауға жатпайтын болса, мұндай ереже осы Пайдалану шарттарынан алынып тасталған болып саналады және де қалған ережелердің орындалу шынайылығы мен мүмкіндігіне ықпал етпейді. 

Заңды күшінің сақталуы

Веб-сайтты пайдалану құқығы тоқтағаннан кейін бөлімдердің барлығы өз күшінде қалады. 

Қолданылатын құқық және юрисдикция

Веб-сайттағы ақпарат Қазақстан Республикасы тұрғындарының пайдалануына арналған. Басқа елдерде Қазақстан Республикасында қабылданғаннан өзгеше заңдар, реттеу талаптары немесе медициналық практика әрекет етуі мүмкін. Веб-сайт арқылы сатып алынатын Келісім, сондай-ақ Келісімге, Веб-сайтқа немесе заттарға қатысты дау-дамайлардың бәрі, сондай-ақ осы Пайдалану шарттарынан туындайтын немесе онымен байланысты шарттық емес міндеттемелер коллизиялық құқық нормаларын ескерместен, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес реттеледі және талқыланады. Веб-сайт иесі мен сіздің араңыздағы сот талаптары немесе істі қарауы Ресей Федерациясында орналасқан құзыретті  юрисдикция сотында ғана қаралады және де сіз осы соттардың жеке және ерекше юрисдикциясын қабылдайсыз.