Skip to main content

LE PETIT MARSEILLAIS® / «Кішкентай Марсельдік»

Франция - жоғары сән, еліткіш жұпар иіс, қанық бояу, тамаша ас және бірегей шарап түрлерінің отаны екендігі баршаға мәлім. Алайда әсемдік ғылымының барлық заманауи үрдістері осы Франциядан бастау алатындығын көпшілік біле бермейді.

Қазіргі күнде әсемдік дегеніміз не ол? Ол - ең алдымен, табиғилық және қарапайымдылық екені сөзсіз. Дәл осы екі сөз қазіргі заманғы нағыз француз әйелінің бейнесін сипаттайды.

LE PETIT MARSEILLAIS® косметикасы/ «Кішкентай Марсельдік» – күтім жасау құралдарының шынайы француздық маркасы. Ол 80-ші жылдардың аяғында Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласында пайда болды және алғашында сол заман дәстүріне сай текше пішіндес сабын шығарумен айналысты. Дәл осы дәстүрлі марсель сабынының пішіні барлық LE PETIT MARSEILLAIS® өнімдерінің осындай өзгеше әрі бірегей үлгісінің негізін қалайды.

Әсемдік индустриясының дамуымен бірге LE PETIT MARSEILLAIS® өзінің дене және шаш күтіміне арналған өнімдері желісін айтарлықтай кеңейтсе де, өз әсемдік рецепттерінде Прованс аймағының, яғни, Францияның Оңтүстігі мен Жерорта теңізінен алынған бірегей табиғи қоспаларды қолдана отырып, өз дәстүрін жалғастыруда. Осы күнге дейін LE PETIT MARSEILLAIS® Франциядағы дене күтімі жабдықтарының ең сүйікті маркаларының бірі болып саналады.

LE PETIT MARSEILLAIS® Прованс және Жерорта теңізінен алынған дәстүрлі рецепттерді қолдана отырып, өз өнімдерінде табиғи қоспалар сығындысын мұқият іріктеп, қосады. Жұпар иістердің, сезімдердің және табиғи қоспа пайдасының квинтэссенциясы, сондай-ақ Франция Оңтүстігінің «тұрмыс қуанышы». LE PETIT MARSEILLAIS® — қарапайымдылық пен табиғилық әлеміне жасалған бір саяхат!