Skip to main content

ДИКЛОРАН® Плюс — бұлшықеттердегі және буындардағы аурусынуға қарсы құрал!

Әрбір үшінші 45 жастан асқан адамның бұлшықеттер мен буындарының созылмалы аурулары бар.1 ДИКЛОРАН® ПЛЮС ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсерлерге ие. Ауырсыну синдромының жергілікті терапиясы ауыз арқылы қолданатын формалардан әлдеқайда қауіпсіз2, оның жүйелі әсері жоқ (мысалы, АІЖ), сонымен қатар терапия кезінде басқа дәрі-дәрмектерді бірге қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұлшықеттердің ауруы немесе миалгия — медициналық көмекке жүгінудің жиі кездесетін себептерінің бірі3. Шамамен 30% науқас дәрігердің қабылдауында болғанда жиі қаңқа бұлшықеттерімен байланысты аурусынуларға шағымданады4. Бұл бұлшықет жүйесінің адам ағзасындағы ірі мүшелердің бірі екенімен түсіндіріледі. Адам денесінде барлығы 600 бұлшықет5 бар, олардың салмағы жалпы салмақтың 35-40%-ын5 құрайды, ал белгілі бір санаттағы адамдарда, мысалы, спортшыларда бұл цифра 60%-ға5 жетуі мүмкін.

Емдеу

Бұлшықеттегі ауырсынуды емдеу әрдайым дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмексіз әдістердің үйлесімімен кешенді болуы және де себебін көрсетуі тиіс.

Бұлшықеттегі аурусынуды қалай кетіруге болады: жалпы қағидаттар3:

  1. Зақымданған бұлшықетке тыныштықты қамтамасыз ету.
  2. Жергілікті ауырсынуды басатын құралдарды пайдалану.
  3. Қабынуға қарсы стероидты емес құралдарды ішу және гельдерді, жақпамайлар мен кремдерді жергілікті қолдану.
  4. Ыстық ылғал компрестер және орауларды пайдалану.
  5. Емдік дене шынықтыруды орындау: бұлшықеттерді жұмсақ созу мен босаңсытуға арналған жаттығулар.
  6. Босаңсытатын уқалауға бару.
  7. Негізгі ауруды емдеу немесе электролиттердің, дәрумендердің жетіспеушілігін түзету.

Дәрі-дәрмектік терапия

Дәрілік заттардың бұлшықеттер мен буындардың ауырсыну кезіндегі әрекеті ауырсыну сезімін азайтуға, түйілу мен қабынудан арылтуға бағытталған болуы тиіс. Бұл үшін ДИКЛОРАН® Плюс гелін пайдалануға болады. Бұл буын және бұлшықет ауруларында жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы препарат. ДИКЛОРАН® ПЛЮС бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынумен күресу үшін қажетті қасиеттерді өзіне біріктіреді: ауырсыну синдромы мен қабынуды азайтады, құрамында 2 қабынуға қарсы компонент пен ментол бар, жылдам сіңіріледі және қабыну ошағына терең енеді.

Ол кешенді әрекетке ие: ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы.

Өзінің құрамының арқасында ол бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • Диклофенак диэтиламин және Метилсалицилат — бұлшықеттер мен буындардағы аурусынуды және қабынуды азайтады, қозғалыс көлемінің артуына ықпал етеді;
  • Зығыр майы — қабынуға қарсы қосымша әрекет етеді;
  • Левоментол — жергілікті алдарқату және жеңіл ауырсынуды басатын әсер береді;

Гельді негіздің арқасында ДИКЛОРАН® Плюс жақсы тарайды және тіндерге жылдам сіңеді.

ДИКЛОРАН® Плюс құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:

  • Буын және бұлшықет ауруларында;
  • Ревматизмнен туындаған және ревматизмнен туындамаған бұлшықет аурулары;
  • Жұмсақ тіндердің жарақаттық зақымдануы;
  • Қимыл-тірек аппаратының аурулары: ревматоидты артрит, псориатикалық артрит, анкилоздайтын спондилоартрит, шеткі буындар мен омыртқа остеоартрозы.

Ауырсыну аймағының көлеміне байланысты препараттың 2-4 г (шие немесе грек жаңғағының көлемін) күніне 3-4 рет терінің зардап шеккен аймағына жағады және аздап ысқылайды. 18 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға болмайды.

ДИКЛОРАН® Плюс препаратын медициналық қолдану жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1 «Русский медицинский журнал» (Ресей медициналық журналы), 2014, № 3, 1-4 б. Профессор Н. А. Шостак Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университеті Жоғары кәсіптік білім беру Мемлекеттік бюджеттік жалпы білім беру мекемесі.

2 *J Pain Res, Sanford H Roth and Philip Fuller Published online 2011 Jun 3. Diclofenac topical solution compared with oral diclofenac: a pooled safety analysis. 2011; 4: 159–167.

3 Н. А. Шостак. Миалгиялар: дифференциалдық диагностикалау тәсілдері, емдеу. Қазіргі ревматология, 2013, № 3, 21-24-б.

4 О. В. Воробьева. Арқадағы және аяқ-қолдардағы ауыру терапевт практикасында (қабынбаған миалгияларға ерекше назар аудару). Поликлиника дәрігерінің анықтамалығы. 2014; 06: 6-12.

5 И. В. Гайворонский, Г. И. Ничипорук, А. И. Гайворонский. Адам анатомиясы және физиологиясы, 6-басылым. Оқулық. Мәскеу. «Академия» Баспа орталығы, 2011, 498 б.

Диклоран<sup>®</sup> Плюс