Skip to main content

Біздің ұстанымымыз

Johnson & Johnson компаниясын құрған адамдардың бірінің ұлы Генерал Роберт Вуд Джонсон 1943 жылы компанияның мән-мағынасын анықтайтын «Біздің ұстанымымыз» деген құжат жазып, алғаш рет жариялады.

Біздің ең басты жауапкершілігіміз — дәрігерлер мен медбикелердің алдында, пациенттердің алдында, әкелер мен аналардың алдында, біздің өніміміз бен қызметтерімізді пайдаланатын барлық жандардың алдында жауапты болу. Біз олардың қажеттіліктеріне сәйкес жасаған нәрсеміздің бәрінің жоғары сапа стандартын қамтамасыз етуіміз керек. Қолайлы бағаны ұстап тұру үшін үнемі шығынды төмендетуге тырысуымыз керек. Клиенттердің тапсырыстары дәл әрі уақытында орындалуы тиіс. Жабдықтаушыларымыз бен дистрибьюторларымыз лайықты пайда табуы тиіс.

Біз бүкіл дүниежүзінде жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің, еркектер мен әйелдердің алдында жауаптымыз. Біз олардың әрқайсысының дара ерекшеліктерін бағалауымыз керек. Олардың ар-намысын құрметтеп, істеген еңбектерін мойындауымыз керек: олардың ертеңге деген сенімділігін ақтауымыз керек. Сыйақы әділ әрі сай келу керек, ал еңбек жағдайы тазалық, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

Қызметкерлеріміздің отбасына қамқорлық жасағаны біз үшін аса маңызды. Қызметкерлеріміз ұсыныстары мен ескертулерін еркін айта алуы керек. Білікті мамандардың бәрінің жұмыс істеуге, дамуға және ілгері басуға барлық мүмкіндіктері болуы керек. Біз құзырлы басқаруды қамтамасыз етуге тиіспіз, басшылардың іс-әрекеттері әділ әрі әдепті болу керек.

Біз өзіміз өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғам алдында, сондай-ақ әлемдік қауымдастық алдында жауаптымыз. Біз қайырымды бастамаларды және қайырымдылық науқандарын қолдау, салықтарды таза төлеу сияқты өзіміздің азаматтық парызымызды орындауымыз керек. Әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жақсартуға қол ұшын беруіміз керек. Бізге сеніп тапсырылған меншікке өте мұқият болып, табиғи ресурстарды сақтауымыз керек және қоршаған ортаны қорғауымыз керек.

Түптеп келгенде, акционерлеріміздің алдында жауапты боламыз. Бизнес айтарлықтай пайда әкелуі тиіс. Біз жаңа идеяларға эксперимент жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек, инновацияларды енгізіп, қателерді ескере отырып шыңдалуға тиіспіз. Жаңа жабдықтар сатып алып, заманауи жұмыс жағдайларын қамтамасыз етіп, нарыққа жаңа өнімдер шығаруымыз керек. Қиын-қыстау жағдайларға дайын болып, оларды шешуге арналған резервіміз болу керек. Осы принциптерді ұстана отырып, акционерлерімізді лайықты табыспен қамтамасыз етеміз.