Skip to main content

Сұрақтар мен жауаптар

Күнделікті CAREFREE® майлықтары кез келген жағдайларда тазалық пен сергектік сезімін күн сайын сақтауға көмектеседі. Осы жерден сіз ол қалай болатыны туралы жауаптарды табасыз.

  1. Әйелдер не үшін күнделікті майлықтарды пайдаланады?

    Күнделікті майлықтар тазалық пен сергектік сезімін сақтайды және күні бойы орын алуы мүмкін гигиена мәселелері туралы ойламауға мүміндік береді. Көптеген әйелдер оны күн сайын пайдаланады. Міне оның басты себептері: әдеттегі күнделікті тер бөлінуі, қынаптан бөлініп шығатын сұйықтықтар, іш киімді күнделікті қорғау, ұзақ уақыт бойы үйде болмау немесе саяхатқа шығу. Күнделікті CAREFREE® майлықтарын жай ғана пайдаланып көріңіз және олардың күні бойы сергектікті сақтауға қалай көмектесетінін сезініңіз!

  2. Қынаптан бөлініп шығатын сұйықтықтар деген не?

    Әдетте әрбір әйел етеккір аралығындағы кезеңде қынаптан бөлініп шығатын ақ заттарды байқайды. Бұл қалыпты нәрсе. Мұндай бөліністердің саны әр түрлі болуы мүмкін. Гормондық цикл ішінде олардың сипаты біраз өзгереді. Етеккірден кейінгі алғашқы екі аптада бөлініп шығатын сұйықтық дерлік түссіз болады. Циклдың ортасында (етеккір басталғаннан кейінгі 1-2 аптадан кейін) олар біршама көбейеді. Келесі етеккірдің басталуы жақындағанда олар ақсары ақ реңкке ие болады. Егер бөлініп шығатын сұйықтық өзінің түсін немесе иісін өзгертсе, не болмаса қышу, интим аумағында ашыту сезімдері пайда болса, дәрігерге қаралыңыз, өйткені ол инфекция бар екенін білдіруі мүмкін.

  3. Күнделікті майлықтардың етеккір кезіндегі күндерге арналған төсемдерден айырмашылығы неде?

    Әдетте күнделікті майлықтар етеккір күндеріне арналған төсемдерден қысқа, жұқа және тар және де күн сайын пайдалануға ыңғайлы. Олар ылғалды және күнделікті бөлініп шығатын сұйықтықты сіңіреді және сондықтан етеккірлер арасындағы күндерде тазалық пен сергектік сезімін сақтайды. Етеккір күндеріне арналған төсемдер етеккір кезіндегі бөліністерді сіңіруге арналған және сондықтан олар күнделікті майлықтарға қарағанда қалыңырақ, ұзынырақ және жалпағырақ.

  4. Күнделікті CAREFREE® майлықтарының қандай түрі маған лайықты?

    Әр түрлі мақсаттарға арналған күнделікті майлықтардың бірнеше түрлері бар. Кейбір майлықтар өте жұқа және икемді, кейбіреуі ұзынырақ және көбірек сұйықтықты сіңіре алады. Мысалы, күнделікті CAREFREE® FLEXIFORM™ майлықтары іш киімнің әр түрлі пішімдеріне мінсіз бейімделеді: әдеттегі трусиктерге немесе стринг/танга трусиктеріне. Күнделікті CAREFREE® ALOE майлықтарының құрамында табиғи алоэ сығындысы бар және ол терінің тыныс алуына мүмкіндік береді.

Өзіңізде не лайықты екенін түсіну үшін, күнделікті CAREFREE® майлықтарының топтамасымен танысыңыз немесе өнімді іздеу жүйесін пайдаланыңыз.